Бұл туралы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.
«Биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Бұл туралы осыған дейін хабарладық. Мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түн – мың айдан қайырлы болған қасиетті Қадір түні. Алла қаласа, 24 мамырда ораза айт намазын оқимыз. Жаратқан Жаббар Иеміз ораза айтты мешіттерімізде жамағатпен оқуды жазғай. Осынау қуанышты күнді жақын еткей», деді Наурызбай қажы Тағанұлы