42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу үшін екінші рет өтінім берудің қажеті жоқ, төлем автоматты түрде аударылады.
Төтенже жағдай режимінің 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты, екінші әлеуметтік төлем наурызда немесе сәуір айының басында жәрдемақы алған адамдарға беріледі. Алайда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 20 сәуірден бастап жұмысқа шығып, қайта еңбекақы ала бастайтын азаматтарға аталған төлем аударылмайтынын ескертеміз.