Олардың 104-і қазіргі уақытта провизорлық орталық болып табылатын Орталық қалалық клиникалық аурухананың, 12-і №12 Қалалық клиниканың емхананың, 11-і Қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері және 18 адам вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.
Бүгінгі күні Алматы облысыныңан пациентін қоса есептегенде 577 адам жұқпалы аурулар стационарларында емделіп жатыр.
Екі пациенттің жағдайы – өте ауыр, 6 адамда – ауыр, 168-і ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.
88 науқас коронавирустық инфекциядан емделіп шықты.
Провизорлық госпитальдарда 452 адам, карантиндік оқшаулауда 352 адам, үй карантинінде 9950 адам бар.