• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Алматыдағы №12 қалалық емхана да карантинге жабылды

404 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Бостандық ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес №12 қалалық емхана карантинге жабылды.

Осы арада оқырманға түсінікті болу үшін айта кеткен жөн, алматылықтардың арасында «№12 аурухана» атанып кеткен Орталық қалалық клиникалық аурухананың №12 қалалық емханаға қатысы жоқ.

Бүгін Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы №12 қалалық емхананың 12 қызметкері індет жұқтырғаны туралы мәлімдеді.

Ал дәрігерлері жаппай коронавирусты инфекция жұқтырған  Орталық қалалық клиникалық ауруханаға келетін болсақ, стационар таза және вирус жұқтырған аймақтарға бөлінген. Індет жұқтырған медицина қызметкерлері мен аталмыш аурухананың індет жұқтырған науқастары оқшауланып, емделіп жатыр.

 

АЛМАТЫ