• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Атырауда 107 мың адам 42 500 теңгеден алды

148 рет
көрсетілді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, 141 037 адам 42 500 теңгенің әлеуметтік төлемін алу үшін  өтініш берген.

«Соның ішінде 118 996 азаматтың өтініші мақұлданды. Ал, бүгінге дейін 107 340 адамның есепшотына аталған сомадағы әлеуметтік төлем қаржысы түсті. Төтенше жағдай мерзімінің ұзартылуына байланысты әлеуметтік төлем алуды ресімдеу әлі де жалғастырылып жатыр. Демек, азаматтардың өтініш беруіне мүмкіндігі бар» деді ол.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ