• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Сәуір, 2020

Біз біргеміз: «Барбанг» қауымдастығы 100 мұқтаж отбасыға көмектесті

177 рет
көрсетілді

Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығы «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбсыларға қайырымдылық жасады.

Игі бастама Алматы облысының Іле ауданында жалғасын тауып, мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік пакеттері үлестірілді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көп балалы және мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп жатқан #bizbirgemiz қайырымдылық акциясы – әркімнің қайырымдылық іс жасай алатынының айқын мысалы. Ел үшін қиын кезеңдерде, жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық та маңызды», дейді «Барбанг» қауымдастығының вице-президенті Вакиль Набиев.