• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Еламан Серік «Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің» қатарына енді

1153 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің математика пәні мұғалімі Еламан Серік 2tors.online өзекті оқу бағдарламалары бойынша онлайн репетиторлық сервисі ұйымдастырған математика пәні мұғалімдеріне арналған «Best online teacher of maths» онлайн олимпиадасында топ жарып, Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің қатарына енді.

2tors.online онлайн репетиторлық сервисі Қазақстанның білім беру нарығындағы басты серіктестерінің бірі BTS Education компаниясының жобасы болып табылады.

Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен жалпы саны 928 мұғалім қатысуға өтінім түсірген. Ұстаздардың білім деңгейін онлайн тестілеу арқылы анықтауға негізделген алғашқы кезеңнен сүрінгендердің қатары көп болғанға ұқсайды. Алғашқы сынақтың нәтижелеріне сәйкес, Халықаралық мектептің математика пәні мұғалімі Еламан Серік жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның үздік 20 мұғалімі қатарынын көрінген. Бүгінде ол автоматты түрде екінші кезеңге жолдама алып, келесі кезеңге дайындық үстінде.

– Онлайн олимпиада өтетіндігі жөнінде әріптесімнен білдім. Тіркеуден өтіп, қатысып көруге бел будым. Күнделікті жұмыс қалпымнан ойымды басқа арнаға бұрып, тәжірибе жинамақ ойым болды. Тест тапсырмалары еш қиындық туғызған жоқ. Бірақ, тестілеу уақытында тапсырмаларды орындауға бір жарым сағат ғана уақыт берілді. Мен дәл сол уақытта балалармен өзіндік жұмыс орындап отырғанмын. Нәтижесінде, тестілеуді жарты сағатқа кеш бастап, кей сұрақтарды жіберіп алғаным бар. Үздік жиырма мұғалімнің тізіміне еніп, екінші кезеңге өткеніме қуаныштымын. Қазіргі уақытта дайындығымды пысықтаудамын, – дейді жас маман.

Екінші кезеңде үздік 20 мұғалім үш күн ішінде бейнесабақтың үлгісін түсіріп, ұйымдастырушыларға жіберуі тиіс. Бейне сабақтар сайтқа жарияланып, ортақ дауыс беру жүйесі және әділ қазы алқаларының бағалауы арқылы сараланатын болады.

Олимпиада қатысушыларына әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтаушы қазылар алқасының қатарында BTS Education компаниясының басшысы, қоғам белсендісі Саясат Нұрбек, IT кәсіпкер Арман Сүлейменов және білім беру саласындағы өзге де тәжірибелі мамандар бар.

Біз де өз тарапымыздан Халықаралық мектептің математика пәні мұғалімі Еламан Серікке шын мықтылар бас қосқан білім бәйгесінде сәттілік тілейміз! Екінші кезеңнен оқ богйы оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.

Естеріңізге сала кетсек, Еламан Серік Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, еліміздегі ең үздік оқу орны Назарбаев Университетінің түлегі.

 

 

АЛМАТЫ