Оқыс оқиға Степногорск қаласында орын алған. 3517 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген жауынгер өзін-өзі басынан атқан.
Бүгін таңғы жеті жарым шамасында түзету мекемесінде қарауылда тұрған қатардағы жауынгер Б.Рашев өзін-өзі атып, жан тәсілім етті деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ұлттық гвардиясының баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін әскери бөлімге арнайы топ аттандырылған.
Ақмола облысы