• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Алматыдағы 263 дәрігер індет жұқтырған ОҚКА жабылды

135 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин осы лауызымдағы өзінің бірінші баспасөз брифингін өткізді.

БАҚ тарапынан Алматының жаңа Бас санитарлық дәрігеріне қойылған сауалдар легі аз болған жоқ.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүгін 22 сәуірде Алматыда 693 адамда коронавирустық инфекция табылса, оның ішінде 383 адам мегаполистегі  медицина саласының өкілдері, ал оның ішінде 286 адам Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерелрі болып табылады.

«Кеше мен карантинге жабылған Орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысын тоқтату туралы қаулы шығардым. Қазір бұл аурухананың медициналық қызметкерлер мен науқастары басқа ауруханаға ауыстырылып жатыр», – деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының да карантинге жабылғанын айтты. Онда 67 курсанттан коронавирус инфекциясы табылған.

 

 

АЛМАТЫ