Бүгін Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин баспасөз брифингінде журналистердің көптеген сауалдарына жауап беруге ұмтылды.
– Қазіргі күндері жедел-тест тегін жүргізіліп жатыр. Осы бір-екі күнде тағы 200 мыңдай тест келіп түседі. Тегін тест біріншілік көмек көрсететін амбулаториялар мен емханаларда жасалады, – деді Алматының Бас санитарлық дәрігері.
Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин міндетті тест тапсыруға тиісті ұйымдардың тізімі қосымша жарияланатындығын атады.
Мұндай тәуекел-тобына медициналық ұйымдардың, әлеуметтік мекемелердің, полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, кассирлер және адамдармен тікелей байланыста қызмет істейтін мамандық иелері жатады.
АЛМАТЫ