Бүгін 22 сәуірдегі Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай нақты белгісіз. Бірақ Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, мегаполисте өткен тәулік ішінде індетке шалдыққандар саны төмендегідей болған.
Алматы қаласының аумағында 21 сәуір аяқталғанша 693 оқиға тіркелген, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы індетке шалдығу көрсеткіші – 33,9. Өлім-жітім –5 жағдай (0,7%). 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы – 3,1% (21 оқиға).
Індетке душар болу ересектер арасында басым, оның ішінде жасы бойынша: 15-19 жас – 43 жағдай. (6,3%), 20-29 жас – 212 (31,3%), 30-39 жас – 129 (19,0%), 40-49 жас – 116 (17,1%), 50-59 жас – 115 (17,0%), 60 жас және жоғары – 42 (6,2%).
Контингент бойынша сырқаттанушылық: студенттер – 40, мектеп оқушылары – 15, басқа елдерден келгендер – 38, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары – 67, авиация қызметкерлері – 2, зейнеткерлер – 40, жұмыс істемейтін тұлғалар – 55, жұмыс істейтін тұлғалар – 42, медицина қызметкерлері – 383, оның ішінде ОҚКА – 263.
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері блок-постта тұрған Ішкі істер департаментінің 1 қызметкері КВИ жұқтырғанын атады.
Барлығы 12420 байланыста болған тұлғалар анықталды, оның ішінде 2247 жақын және 10000-нан астам әлеуетті байланыстағы тұлғалар.
14 күнге стационарлық карантинге індет жұқтырғандармен 1388 байланыста болғандар, үй карантиніне 7500 адам оқшауланған.
АЛМАТЫ