• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Сәуір, 2020

Жұмысын қайта бастаған кәсіпорындар қатары көбейіп келеді

262 рет
көрсетілді

Үкімет эпидемиялық жағдайды ескере отырып, тағы бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр.

Президент Қ.Тоқаевтың тап­сырмасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік ко­мис­сия 20 сәуірден бастап қа­таң санитарлық-эпидемиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Ал­маты қалаларында жұмы­сын қайта бастайтын кәсіп­кер­лік субъектілерінің қыз­мет түрлерінің тізімін бекіт­кен болатын. Осылайша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қала­ларында карантиндік режім жеңілдетіліп, сани­тар­лық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бір­қа­тар саласындағы кәсіп­орын­дар жұмысын бастап кетті.

Эпидемиялық жағ­дай­ды ескере отырып, ка­рантин­дік режімге өзгерістер енгі­зу және біртіндеп же­ңіл­де­ту бойынша тиісті ше­шім қабылданатын болды. Пре­мьер-Министр Асқар Мамин эпидемиялық жағ­дай­ды ескере отырып, басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъек­тілеріне жұмысты жал­ғас­­тыруға рұқсат беріле­тінін айтты. 

– Мұндай жұмыс ел­дің бас­қа өңірлерінде де жүр­гізіледі. Дегенмен, бұл сани­тарлық-эпидемиялық қауіп­сіз­дік қатаң сақталған жағ­дай­да ғана мүмкін болады, – деген Үкімет жетекшісі Ден­­­сау­лық сақтау министрі Ел­­жан Бір­тановқа мәселені қа­таң ба­қы­лауда ұстауды тап­сырды.

Осыған байланысты Ал­ма­ты қаласының әкімі Бақыт­жан Сағынтаев Іскер­лік кеңесінің отырысын он­лайн режімде өткізіп, онда карантин жағдайында кәсіп­орындардың қызметін қайта бастау мәселелерін талқылап, кәсіпкерлермен ақылдасты. Онда Exit Strategy аясында жүзеге асырылатын қаланың экономикалық белсенділігін қалпына келтірудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспары талқыланды. Сонымен қатар Алматыда орна­ласқан отандық тауар өн­дірушілердің жеке қорға­ну құралдарын, оның ішін­де медициналық бетпер­делер мен қорғаныш костюмдерін дайындауға қатысу мәсе­ле­лері көтерілді.