• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2013

Холдинг жаңа қатысушылармен толықты

223 рет
көрсетілді

Еліміздің өңірлерінде Бірыңғай астық холдингін (БАХ) құру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясына холдингке кіру туралы алғашқы өтінімдер келіп түсе бастады.

 

Еліміздің өңірлерінде Бірыңғай астық холдингін (БАХ) құру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясына холдингке кіру туралы алғашқы өтінімдер келіп түсе бастады.

Осылай, Астық нарығы жөнін­дегі қоғамдық кеңестің 2013 жылғы 16 тамыздағы №3 хат­тама­лық шешімімен Ақмола облысының шаруашылықтарынан үш өтінім мақұлданып, тиісті шарттарға қол қойылды.

Үстіміздегі жылғы 23 тамызда Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басқармасының өңірлік бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының қатысуымен өткен кеңейтілген отырысында осы шаруашылықтардың өкілдеріне салтанатты түрде олардың БАХ-қа кіруі туралы сертификаттар тапсырылды.

– Мен Ақмола облысы Ақ­мол ауылындағы Азық-түлік келі­сімшарт корпорациясының ақ­па­рат­тық-түсіндіру тобының ең бірінші мәжілісіне шақырылдым. Жалпы, Бірыңғай астық холдингі туралы ой маған ұнады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы біздің тұрақты серіктесіміз ретінде бізге қаржылай көмек көрсетеді. Сонымен бірге, егін егу мен өсіруден басқа, оны тиімді сату да маңызды. Бұл ретте Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен БАХ басты рөлді атқарады – дейді холдингке алғашқы қатысушы «Ахмедия» ЖШС-ның директоры Тимур Пішенов.  

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар