• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Руханият 23 Сәуір, 2020

«Балаларға тарту» бәрімізді қуантты

201 рет
көрсетілді

Жұқпалы індет қаупі ел ішін әбігерге салды. Карантинге байланыс­ты жұмыс уақыты қысқарып, базардағы сауда-саттық тоқтады. Адамдардың табысы азайды. Бұл сынақ біз сияқты көп балалы отбасыларға да салмақ болып түсіп тұр.

Жақында Текелі қаласының әкімдігінен еріктілер келіп, үйімізге азық-түлік, басқа да тұтынуға қажетті заттар, медициналық керек-жарақ жеткізіп берді. Шын қуандық. Елеп, ескеріп қолұшын берген азаматтарға алғысымыз шексіз. Отба­сы­мызда 5 бала өсіріп отырмыз. Өзім атаулы әлеуметтік көмек ала­мын. Қосымша кәсібіміздің тоқ­­тауына байланысты кіріс көзі де қыс­қарған еді. Мемлекет тағы да қиын­дықта қалдырмай арнайы тағай­ын­даған 42 500 теңге өтемақы берді.

Бәрінен бұрын әкімдік берген «Балаларға тарту» атты әлеуметтік пакет отбасындағы кішкентайлар үшін лайықты сый болды. Мұны ұйымдастырған демеушілерге, көп балалы аналарға барлық жағынан көмек беріп, қаржылай да, азық-түлік түрімен де қолдап отырған мемлекет тізгінін ұстаған жандарға аналық алғысымды арнаймын. Қиын күндер артта қалып, еліміз берекелі де бейбіт өмірге қадам бассын.

 

Әсел ЕРДЕНБЕКОВА,

көп балалы ана

 

Алматы облысы,

Текелі қаласы