• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қыркүйек, 2013

Тарифтік саясаттың ашықтығы түсіндірілді

258 рет
көрсетілді

Жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысына келген Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов Көкшетау және Степногор қалаларының өндіріс ошақтарында болды.

 

Жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысына келген Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов Көкшетау және Степногор қалаларының өндіріс ошақтарында болды.

«Көкшетау-Энерго» ЖШС қарауындағы 110/10 киловатт трансформатор стансасындағы кездесуде серіктестіктің бас директоры Берік Ақылбеков инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы жайлы хабардар етті. Мәліметтерді шашыратпай, аталған стансаға қатыстысын айтсақ, 1987 жылы пайдалануға берілген қуат көзіне былтыр 60 миллион теңгеге жуық инвестиция тартылған екен. Осының арқасында КРУН-10 қуат таратқышының май ажыратқыштарын вакуумдық жүйеге ауыстыруға мүмкіндік туды. Қазір бұл станса тұрғындар тығыз орналасқан Васильков, Центральный және Көктем шағын аудандарын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Қызметтің сапасы жақсарып, пайдалануға жұмсалатын қаржы шығыны азайған.

Агенттік төрағасы «Көкшетау жылу» және «Көкшетау су арнасы» кәсіпорындарында есептеу құралдарының орнатылу барысы мен қуат көздерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ин­вестициялық бағдарламаларға ден қойды.

«Нұр Отан» ХДП Ақмола об­лыстық филиалында «Тарифтік ашық саясаттың басым бағыты» атты дөңгелек үстел мәжілісі өткізіліп, агенттік төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев еліміздегі тарифтік саясатты жетілдіру туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, қаланы электр қуатымен, жылу және сумен қамтамасыз ету кәсіп­орын­дары басшыларының тариф­тердің өсуінен түскен ақша қара­жатының тиімді жұмсалуы, бағ­дарламалардың орындалуы туралы есептері тыңдалды.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар