Ережесіз жекпе-жекте әлеміндегі ең белді ұйым – UFC тарихында ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімі жарияланды.
Үздіктер көшін – Конор МакГрегор бастап тұр. 31 жастағы Ирланияның өкілі 2008 жылдың көтемінде алғашқы жекпе-жегін өткізді. Сол кезден бері 26 рет октагонға шығып, 22 мәрте жеңіске жетті. 20 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 2013 жылдан бері ол UFC-де күш сынасуда. Бірнеше рет чемпиондық атаққа да қол жеткізді. Сол жекпе-жектерінің арқасында 12 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан екен.
Жалпы МакГрегордың табысы осымен ғана шектелмейді. 2017 жылдың 26 тамызында оның кәсіпқой бокстың ережесі бойынша атағы жер жарған Флойд Мейвезермен жұдырықтасқанын жақсы білесіздер. Сол кездесуде жеңілгеніне қарамастан ирландиялық спортшы 30 миллион долларға иелік еткен еді.
UFC тарихында ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімінде Конор МакГрегор көш бастаса, екінші және орындарды Алистар Оверим мен Хабиб Нұрмагомедов иеленуде. Нидерландтың алыбы 8,7 миллион, ал Дағыстанның дарабозы 7 миллион долларды еншіледі.