• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Алматыда алтыншы науқас коронавирустан қайтыс болды

124 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тағы бір пациент – 1964 жылы туылған әйел адам індеттен көз жұмды. Қайтыс болған адамның талдауы 17 сәуірде оң нәтиже берген еді, марқұмның созылмалы бүйрек ауруы, хрониодиализ, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония сияқты қосымша аурулары болған.

Кеше өкпені жасанды желдетудің тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ-ге ауыстырылған. Кеше ғана бағдарламалық гемодиализ сеансын алған.

Бүгін жүргізілген барлық емге қарамастан, денсаулығы күрт нашарлап, таңғы сағат 6.30-да қан айналымы тоқтады.

30 минут бойы жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады. Сағат 7.00-де науқас көз жұмды.

 

 

АЛМАТЫ