Мемлекет басшысының коронавируспен күресуге орай берген тапсырмаларын іске асыруға шұғыл кіріскен Қазақстан Республикасының ІІМ полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың арнаулы бұйрығымен «Еңбек»РМК құрылған еді.
Алматы облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (ҚАДЖ) қызметкері, әділет капитаны Әділет Сағымбаевтың мәлімдеуінше, осы кәсіпорынның бір бөлімі «Жауғашты-Еңбек» Жетісу жерінде тігін цехын ашып,сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА 155/8 мекемесінде бұл күндері коронавирустан қорғайтын 370 костюм тігіліп, Алматы қалалық полиция қызметкерлеріне жіберілді. Республикамызда төтенше жағдай жарияланысымен алғашқылардың бірі болып осы ЛА 155/8 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар көп реттік 160 000 маска тігіп Алматы облыстық ҚАЖД тапсырысын жылдам да сапалы орындап, хас шеберлік танытқан еді. Сондықтан Қазақстан Республикасының ІІМ бұйрығымен тігін цехында жұмыспен қамтылған сотталғандарға ақшалай сыйлық берілген. Бүгінде тігін цехында қорғаныш костюмдерімен бірге әмбебап (универсалды) қорғаныш пластмасса маскалар да жасалып, өңірлік құқық қорғау органдарының тапсырыстары толыққанды орындауда.