• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Сәуір, 2020

Туған күнді ерекше тойлауға оқталғандар ұсталды

291 рет
көрсетілді

Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері қару-жарақпен туған күн атап өтпекші болғандарды ұстады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақсу ауданында атыс қаруы бар бір топ адам жиналып жатыр деген ақпарат түскеннен кейін жедел-тергеу тобы мен полицияның арнайы бөліністері қызметкерлері дереу іске кірісті. Нәтижесінде Қапал ауылының шетінде орналасқан Кіші Шымбұлақ елді мекенінде 5 автокөлікпен келген 19 адам ұсталды. Аталған тұлғалар мәнерлеп сырғанаушылардың бірінің туған күнін тойлау үшін жиналған.

Облыс орталығының тұрғындарына тиесілі «Тойота Камри 50» және «Лексус 330» маркалы автокөліктерін тексеру кезінде 4 травматикалық тапанша, 1 атыс қаруы және 43 патрон тәркіленді. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін 19 адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, материалдар ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша сот қарауында жіберілді.   

Ұсталған 4 адамнан атыс қаруы алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.