Бүгін таңертең жетіден 45 минут кеткенде Көкшетаудан әлемдегі ең үлкен МИ-26Т вертолеты ұшып шықты.
Тікұшақтың су шашатын қондырғысы бар. Бір мезетте он тонна су көтере алады. Мақсат Шығыс Қазақстан облысы Бесқарай ауданындағы орман өртін сөндіруге жәрдемдесу. Ұшақта Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 30 құтқарушысы бар. Олар шығыстағы өртті сөндіруге жұмылдырылмақ.