• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2020

Отандық спортшылар індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтты

195 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшылар індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге арнап видео-үндеу жолдады. Бұл туралы olympic.kz  хабарлады.

Қазіргі таңда бар әлем коронавирус індетімен күресуде. Тосыннан келген індет кезінде медицина қызметкерлері мен дәрігерлер өз өмірлерін қатерге тігіп, алдыңғы шепте жүр. 

Италия және Ресей бастаған әлемдік акцияны отандық спортшылар мен Қазақстан спортының ардагерлері де жалғастырды. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондар және олимпиадалық спорт түрлерінен ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар. 

#teamKZwithYOU жобасына еліміздегі спорттық қоғамдастық атынан: Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Дмитрий Баландин (жүзу), Елдос Сметов (дзюдо), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Юлия Галышева (фристайл-могул), Марина Вольнова (бокс), грек-рим күресінің өкілдері Асхат Ділмұхамедов пен Хорлан Жақанша, дзюдошылар Жансай Смағұлов пен Ерлан Серікжанов, еркін күрес шебері Әлішер Ерғали, гимнаст Нариман Курбанов, фристайл-акробатикадан команда мүшесі Жанбота Алдабергенова, ватерполшы Мирас Әубәкіров, таеквондошы Смайыл Дүйсебай, боксшылар Абылайхан Жүсіпов пен Қамшыбек Қоңқабаев, Жәмила Бақбергенова (әйелдер күресі), шорт-трекші Абзал Әжіғалиев, каратэші Софья Берульцева және апалы-сіңлілі Александра және Екатерина Немичтар (әртістік жүзу) атсалысты. 

Спортшылар бүгінгінің батыры рекорд орнатып, әлемдік тұғырда атой салған өздері емес, адамзатты құтқару үшін бар күшін жұмсап жатқан дәрігерлер екенін айтып, ақ халатты жандарға алғыс білдірді.