• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Парламент 24 Сәуір, 2020

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтады

329 рет
көрсетілді

Дариға Назарбаева қазақстандықтарды қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Ораза айының келуімен құттықтаймын!

Бұл – айлардың ұлығы, барша мұсылман қауымын тазаруға бастайтын, сенімін нығайтып, рухани тұрақтылықты шыңдайтын уақыт.

Бүкіл адамзат коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қиын-қыстау күндері барлық қағидаларды ұстану және денсаулықты сақтау маңызды болып қала береді. Қазіргі қиын кезде Ораза қуаныш пен бақыт сыйлайды, тыныштық пен сабыр береді, сенімді нығайтады деп үміттенемін.

Барлық қазақстандықтарға рухани келісім, мықты денсаулық және береке тілеймін.