• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2020

Нұрлан Нығматулин қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

316 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барша қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мұсылман қауымы үшін рухани тазарып, береке мен бірлік, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын қасиетті уақыт. Осы уақытта жасаған қайырым, дұға-тілектер қабыл болып, қасиетті ай - әрбір азаматқа, әрбір отбасына амандық, бақыт, ырыс-құт әкелсін! Халқымыз қазіргі уақытша қиындықтан аман өтіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деді, Нұрлан Нығматулин.