• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Елорда 24 Сәуір, 2020

Алтай Көлгінов қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

371 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Баршаңызды айлардың сұлтаны Рамазанның келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ораза айы – береке мен бірлік нығайып, мейірім мен қайырым сияқты қасиеттер артатын ай. Осы айда жасаған жақсылықтарыңыз бен игі істеріңіздің сауабы мол болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін» деді ол.