• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2020

Көктемгі егіс жұмыстарына қосымша 100 млрд теңге бөлінді

162 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.

«Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру  басты сұрақтардың бірі. Елбасының тапсырмасы бойынша осы бағыттарға қосымша 100 млрд теңге бөлінді. Жалпы фермелердің ақша қаражаттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін арзандатылған сыйақы бойынша қаржыландыру және фермерлердің өнімдерін форвардтық сатып алу сияқты құралдар қарастырылған», деді вице-министр.

Оның айтуынша, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі 10 млрд теңгеге ұлғайтылды. Жалпы қаражат көлемі – 70 млрд теңге, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді.

1 шаруаға арналған орташа чек 29,6 млн теңгені құрады. Шаруалар ұсынатын құжаттар тізбесі қысқартылды. Заңды тұлғалар үшін 27-ден 13-ке дейін, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер үшін 16-дан 12-ге дейін құжаттар тізбесі азайды. «Кең дала» несиелендіру бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиемен 2346 агроөнеркәсіп субъектісіне қолдау көрсетілді.  Қолдаумен қамтылған жалпы егістік алқап 3 миллион 50 мың гектарды құрады.