Алматы облысында жыл басынан бері өрескел тәртіпсіздік саны азайыпты. Былтырғымен салыстырғанда жалпы құқық бұзушылық 30 пайызға, ал аса ауыр қылмыс үлесі 32 пайызға төмендеген екен. Оның ішінде мал ұрлығы мен бөтеннің мүлкіне қол сұғу дерегі де кеміген. Жалпы, бұл көрсеткішті заң талаптарының қатайғандығының арқасында болған жетістік деп бағалауға болады. Және құқық орғау саласындағы реформа да өз жемісін бергені анық.
Бірақ, бұл аймақтағы қоғамдық қауіпсіздік үшін алаңдамауға болмайды дегенді білдірмейді екен. Өйткені, ауыр қылмыс азайғанымен ұсақ бұзақылық пен ішімдікке бой алдырғандар саны өсіпті. Әсіресе қоғамдық орындарда мас күйінде төблес шығаратындар мен көлік рөліне қызып алатындар біршама болыпты. Жыл басынан бюері облыс полицейлері заң бұзушылықтың осы екі түрі бойынша 2668 деректі анықтап, түрлі шара қолданған. Тіпті, 53 адамды арақтан мәжбүрлі түрде емдейтін орталықтарға жіберген екен.
Мас демекші, соңғы күндерде көлікті қызу күйде жүргізген бірнеше адам санитарлық бекеттерді бұзып өтуге әрекеттеніпті. Шамалы уақты бұрын Алматы қаласындағы карантиндік тосқауылды қиратып, полицейді жаралаған Қарасай ауданының тұрғын ұсталған еді. Ал жақында Іле ауданы аумағындағы санитарлық бекеттен тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен «Тойота Ланд Крузер» көлігін мінген азаматтың қолына кісен салынды. Ол бұған дейін-ақ мас күйінде машина айдағаны үшін ұсталып, 5 жылға көлік жүргізу құқықыған айырылған екен. Ал Алакөл ауданы Көлбай ауылының екі тұрғыны да санитарлық бекетті айналып өту кезінде ұсталған. Тексере келгенде олардың ішімдік ішкені анықталған. Жалпы ішіп алып көлік жүргізген 38 азамат қолға түскен екен
Сондай-ақ төтенше жағдай жарияланғалы бері полицейцлерге қарсылық танытып, қызмет бабындағы билік өкілдеріне күш қолданбақ болғандар көбейген. Тәртіп сақщылары осы дерек бойынша 12 адамды қамап, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.