Осы сәтке дейін анықталған дерек бойынша Алматы облысындағы коронавирус жұқтырғандар саны 72 адам болды. Бұған дейін облыстың бір тұрғынынан індет белгісі табылып, ол Алматы қаласындағы әскери госпитальға жатқан еді. Ал қазір Іле ауданының 3 тұрғыны оқшауланды.
-Іле ауданы ауданының 3 тұрғыны коронавируспен ауырғаны белгілі болды.1967, 1991, 1959 жылы туған азаматтар Өтеген батыр кентінің, Түймебаев және Междуреченск ауылдарының тұрғындары. Вирусологиялық зерттеулер нәтижесі оң болғандықтан, олар Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Олармен байланыста болған 18 адам медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.