Сәуір айының 7-сі мен 16-сы арадығында Атырау-Амстердам бағыты бойынша батыс аймақтағы қызметкерлерді елден шығару мақсатында 6 рейс жүргізіліп, 414 жолаушы тасымалданған.
Сондай-ақ Атырау қаласынан Алматы қаласына, Нұр-сұлтан, Қызылорда, Шымкент, Семей, Қарағанды және Тараз қалаларына ТШО-мен келісім-шарт бойынша 29 рейс жасалып, 5 244 жолаушыны тасымалдау жоспарлануда.
Тек наурыз-сәуір айларында «Эйр Астана»АҚ шамамен 7350 рейс жоспарлаған оның 4938 рейс жойылып отыр. Бұл өзгерістер 22 наурыз бен 30 сәуір аралығында орын алған.
«QAZAQ AIR» АҚ наурыз-сәуір айларында 1520 рейс жасауды жоспарлап отыр. Сәуірдің 30-ы күні жойылған рейстер саны 1110 құрайды.
Осының салдарынан, компаниялар жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда Эйр Астананың жылдық кірісі шамамен 139,5 млрд теңгеге немесе 33% - ға, ұшу ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап қайта басталған жағдайда «Qazaq Air» АҚ-6,2 млрд теңгеге немесе 44% -ғатөмендеуі мүмкін.
Бүгінгі онлайн – бирфинг барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаев жаһандық және ел ішіндегі карантиндік шаралар тоқтатқаннан кейін қазақстандық әуекомпания - Эйр Астана және Qazaq Air әуекомпанияларының одан әрі қызметін қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтер сапасын сақтау бойынша жұмыстар жағасатынын атап өтті.