Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған адамдарды емдеу шаралары жоғары деңгейде жалғасуда. Күн санап науқастардың да індеттен сауығу көрсеткіші артып келеді.
Стационардан тағы екі адам емделіп шықты. Олардың бірі 1985 жылы туған тұрғын. Ол коронавирус жұқтырған азаматпен байланыста болғандығы үшін ауруханаға жатқызылған.
Сонымен қатар, Тараз қаласының 1934 жылы туған тұрғыны да дертті жеңіп шықты. Қарт әйел науқас белгілері анықтала салысымен шұғыл емдеу үшін қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Одан коронавирусқа алынған қан талдауы оң нәтиже көрсеткен. Отадан кейін әйел облыстық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар блогына ауыстырылған. Емдеу шараларының нәтижесінде ол дерттен айықты.
Жалпы, бүгінде аймақта коронавирустан 42 адам емделіп шықты.
Жамбыл облысы