• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Сәуір, 2020

Соттар күніне 4,5 мыңнан аса істі қашықтан қарап жатыр

224 рет
көрсетілді

Індет қаупі төніп тұрған төтенше жағдай кезінде еліміздегі соттар күн сайын 4,5 мыңға жуық істі онлайн режимде қарайды. Бұл туралы Жоғары Соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов хабарлады.

Төтенше жағдай режимінің бірінші аптасында соттар күн сайын мыңға жуық істі немесе барлық сот отырысының 50%-ын қашықтан қарады. Сәуір айының алғашқы онкүндігінде күн сайын 2 мыңға жуық онлайн отырыс өтсе, қазір күніге 4,5 мыңға жуық процес өтіп жатыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2018 жылы сотта күн сайын бейнебайланыс арқылы – 40, 2019 жылы – 110, 2020 жылы карантинге дейін күніге 150 отырыс өткен.

Карантин соттарда электрондық құжат айналымының өсуіне ықпал етті. Күнделікті қашықтан өткізілетін сот отырысының саны 150-ден (15 наурыз) 2 мыңға дейін (8 сәуір), яғни 13 есе өсті.