• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2020

Ақмолада облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қан тапсырды

147 рет
көрсетілді

«Сен екеуіміздің қанымыз бір». Дәл осындай атаумен облыстық қан орталығы жанашырлық  акциясын жалғастыруда.

Орталықтың арнайы қан алатын жылжымалы көлігі де бар. Бұл жолы игілікті шараға облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері белсене ат салысып,  40-қа жуық қызметкері қан тапсырды.

Пандемия салдарынан қан орталығында донорлар саны күрт азайып кетіп еді. Енді міне, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қан орталығының қорын толықтырды. Ерікті түрде қан өткізуге барлық қызметкерлер ниет білдірді. Шара барысында донорлар алдын ала дәрігер бақылауынан өтіп, денсаулығын тексертті. Сол жерде қан топтарын нақтылап, гемоглабин көрсеткіштері анықталды.

Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап бірқатар ізгі ниетті адамдар қан тапсыруда. Бұл игі бастама әлі жалғасын табады. Жылжымалы көлік қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бір мезетте екі адам қан тапсыра алады. Шарапаты мол шараға жергілікті «Қызыл жарты ай» қоғамдық ұйымының  еріктілері де үлкен үлес қосуда. Олар ақ халатты абзал жандармен бірлесіп, донорлар санын көбейтуде. 

Қан орталығы қызметкерлерінің айтуынша, қан бірінші кезекте күрделі онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға, перзентті болған әйелдерге, сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге қажет.

 

Көкшетау қаласы