• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2020

Алматы облысында 8 айлық сәбиден коронавирус белгісі анықталды

397 рет
көрсетілді

Бүгінгі дерек бойынша Алматы облысында коронавирусты тағы 13 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Науқастардың тоғызы Іле ауданының, үшеуі Қапшағай қаласының тұрғыны болса, тағы бір адам  Украина азаматы екен.

- Анықталған науқастардың ең кішісі - 8 айлық сәби, ең үлкені - 1952 жылы туған азамат. Олар жалпы 39 адаммен қарым-қатынаста болған. Қазір науқастармен байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды, вирусологиялық зерттеу жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы6 облыс бойынша осы сәтке дейінгі індет жұқтырғандар саны 86 адамға жетті. Ал індеттен оңалғандар саны – 9.

 

Алматы облысы