• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2020

Ресеймен шекарада 20 тонна балық заңсыз алып өтпекші болған

285 рет
көрсетілді

Астрахань облысымен шекарада Қазақстан азаматы 20 тонна «торта» балығын заңсыз алып өтпекші болған жерінен ұсталды. 

2020 жылғы 18 сәуірде ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы Департаменті «Құрманғазы» өткізу пунтктінде Қазақстан Республикасының азаматын 20 тонна «торта» балығымен 14 000 000 теңге көлемінде жалған құжатпен ұстаған.

«Қазіргі кезенде көрсетілген дерек бойынша ҚР ҚК 335 Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу бабына сейкес қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде» делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпаратта.