• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2013

Оқулықтардағы олқылықтар

666 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың 5 маусымында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Астана қаласында өткен Ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведомоствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелеріне басты назар аударды. Онда Отан тарихының зерттелуіндегі кемшін тұстар көрсетіліп, алдағы міндеттер анықталды. Былайша айтқанда, Астанада өткен бұл алқалы жиын тарихты ғылым ретінде одан әрі дамытуға ерекше серпін берді. Баршаға ой салды, қоғамның барлық тобында үлкен серпіліс туғызды. Жиында қазіргі тарих оқулықтары және олардың сапасы туралы да айтылмай қалған жоқ. Бұдан ширек ғасыр бұрын біздің еліміздің тарихы КСРО тарихының бір бөлшегі ретінде оқытылғандықтан, оның көлемі өте жұқа болатын. Сол кездегі оқулық туралы атақты ақын Қадыр Мырза Әлінің «Біздің тарих, бұл да бір қалың тарих; оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы», – деп жырлауы осыдан еді.

Соңғы 20 жылда мектеп оқушылары әртүрлі авторлар жазған, әртүрлі баспадан шыққан оқулықтарды пайдаланып келеді. Ол оқулықтардағы қателіктер мен кемшіліктер жиі айтылып, баспасөз беттерінде жазыла да бастады. Біз солардың ішінен «Атамұра» баспасынан 2012 жылы шыққан, 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығындағы, «Шың» баспасынан 2012 жылы шыққан «Қазақстан тарихы» оқулық-тестіндегі 8-сыныпқа арналған III бөлімнің VI тарауындағы және 2012 жылы Алматыда басылған 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Атлас картадағы Исатай Тайманұлы мен Махам­бет Өтемісұлы бастаған көтеріліске арналған тақырыптардағы қателіктер туралы сөз қозғағымыз келеді.

Алдымен, «Атамұра» баспасынан шыққан «Қазақстан тарихы» оқулығының 115-бетіндегі төменнен санағанда 1-абзац­тағы мына сөйлемге назар аударсақ, «1836-1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті» делінген. Сөз жоқ, 1836-1838 жылдардағы көтеріліс –XIX ғасырдың 30-жылдарындағы халықтың аса ірі бас көтеруі болды. Бірақ, сол көтеріліс Бөкей ордасында ғана болды ма? Әрине, жоқ. Өкінішке қарай, соңғы 25 жылдан астам уақытта Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс 1836-1838 жылдарда Бөкей ордасында болды, деп жазылып келеді. Мұны тарихшы-ғалымдардың қателігі деген дұрыс болады. Бір таңғаларлық жағдай, сол оқулықтарда Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтерілістің Еуропа мен Азияны бірдей қамтығандығы туралы жан-жақты жазылғандығы. Ал тақырыпқа келгенде көтеріліс болған аумақ негізсіз тарылтылып, тек қана «Бөкей ордасында» деп көрсетіледі. Бұл жерде тарихшылар Исатай-Махамбет көтерілісі 2 кезеңнен тұратындығына назар аударулары керек. Бірінші кезеңде көтеріліс 1836 жылдың ақпан-наурыз айларында басталып, 1837 жылдың қараша айының орта кезінде аяқталады. Бірінші кезеңдегі барлық оқиғалар тек қана Бөкей ордасында болған. Ал, екінші кезеңдегі көтеріліс 1838 жылдың алғашқы 6 айында Кіші жүздің батыс бөлігінде өрістеп, аяқталады. Егер 1836-1837 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтеріліске 2000-дай адам қатынасқан болса, Кіші жүздің батыс бөлігінде көтерілісшілер саны 3000-нан асады. Олай болса, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы баста­ған көтеріліс 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасында ғана болған көтеріліс емес, ол, сонымен қатар, Кіші жүздің батыс бөлігінде де болған көтеріліс. Ал, 1838 жылы Бөкей ордасында ешқандай көтеріліс болғ

Соңғы жаңалықтар