Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделген өнім көлемінің ұлғаюымен ел бюджетіне аударылған салық түсімі де артып отыр.
Зауыт баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы атыраулық мұнай өңдеушілер ел бюджетіне 38 млрд 467 млн теңге аударды. Мұның ішінде 7 млрд 385 млн теңге республикалық бюджетке түсті. Ал облыстық бюджет 29 млрд 369 млн теңгемен толықты.
Атырау облысы