• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 26 Сәуір, 2020

Ресейде пайыздық мөлшерлеме 5,5%-ға төмендетілді

245 рет
көрсетілді

24 сәуірде РФ Орталық банк негізгі мөлшерлемені 0,5 пайыздық пунктке - жылдық 5,5% деңгейіне дейін түсірді.  Сенбі күні өткен баспасөз жиынында  Орталық банк  бұл шешімді ресейлік экономиканың бірнеше жылдардағы дамуын қайта қарастырылған бағалау негізінде қабылдағанын айтты.

Орталық банктің басшысы Эльвира Набиуллина жұма күні өткен баспасөз жиынында бұл шешім өз экономиканың дамуын және алдағы үш жылдағы инфляция динамикасын қайта қарау  үшін қабалданғанын айтты.

«Соңғы бағам бойынша көзқарасымызды анықтаған шешімдер коронавирустық пандемиямен байланысты. Әлемдік экономикадағы жағдай мәз емес.  ОПЕК+ келісіміне қарамастан мұнай бағасы төмендеп барады. Ресейдегі шектеу шаралары экономикалық өсімнің кері кетуіне мүмкіндік беріп отыр» дейді Набиуллина.

Коронавирустық пандемия, карантиндік шараларды енгізу және мұнай бағасының құлдырауы жағдайында Орталық банк елдің ІЖӨ-нің 2020 жылы 4-6% төмендеуін, кейін 2021 және 2022 жылдары ғана қалпына келеді деп үміттеніп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, белгісіздік жағдайында ставканың төмендеуі бизнесті, халықты және тұтастай экономиканы қолдауы керек.

Ресейдің Орталық  Банкінің мәліметі бойынша, 2020 жылы инфляция 3,8-4,8% құрап, 4% деңгейіне жетеді. Сонымен қатар, 2020 жылы Ресейдің ІЖӨ 4-6%-ға төмендеуі мүмкін. Содан кейінгі жылдары қалпына келе бастайды. 2021 жылы 3-5% -ға, ал 2022 жылы 1,5-3,5%-ға өседі.

RT TeleTrade-тің бас талдаушысы Марк Гойхман түсіндіргендей, қазіргі жағдайда елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру және экономиканы ұстап тұру үшін төмен тарифтер қажет.

Сарапшының айтып өткеніндей, Орталық банктің кезекті шешімі арзан несиелер есебінен инвестициялардың, өндірістің, тұтынушылық сұраныстың өсуіне әкелуі керек. Бұл бизнесті қаржыландыруға қол жетімділікті арттырады, оның кірістілігін арттырып, несиелік ауыртпалықтың біршама жеңілдегенін білдіреді.

Еске салсақ, Орталық банктің негізгі мөлшерлемесінің соңғы өзгерісі ақпан айында болған. Содан кейін реттеуші оны жылдық 6,25-ден 6% -ға дейін төмендетіп, бұл шешімді инфляцияның күрт баяулауымен түсіндірді. Наурызда өткен жиналыста Ресей банкі коронавирустың, мұнай бағасының құлдырауы және рубльдің әлсіреуі салдарынан инфляция қаупінің жоғарылауы жағдайында пайыздық мөлшерлемелерді кідірту және ұстап тұру туралы шешім қабылдады.

Орталық банктің Директорлар кеңесінің келесі отырысы 19 маусымда өтеді. Сарапшылар алдағы жиында пайыздық мөлшерлеме тағы да төмендейтінін айтып жатыр.«Егер жағдай негізгі болжамға сәйкес қалыптасса, Ресей банкі келесі отырыстарда негізгі мөлшерлемені одан әрі төмендету мүмкіндігін мойындайды. Ресей банкі инфляцияның динамикасын ескере отырып, негізгі мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдайды» дейді РФ  Орталық банк таратқан баспасөз хабарында.

Эльвира Набиуллина айтып өткендей, болашақта Орталық банк ставкаларды жылдық 4,5% дейін төмендетуі әбден мүмкін. Ресейлік сарапшылар да  Орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемесінің 5,5% дейін төмендеуі әбден мүмкін екенін айтып жатыр. Бұл жайлы инвесторларға алдын-ала ескертілді. Қаржы нарығы да Орталық банктің шешімін түсіністікпен қабылдап жатыр.  Ресейлік сарапшы Олег Богданов кеше Орталық банк ұйымдастырған онлайн  жиында Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері жария етілгеннен кейін Мәскеу биржасында Ресей валютасы күш ала бастағанын айтты.  АҚШ доллары 1%, 74 рубльге, еуро 0,8% 79,9 рубльге дейін құнсызданды.

25 сәуірде Орталық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 74,72 рубль және бір евро үшін 80,25 рубль болды.

Сарапшылардың пікірінше, Орталық банктің кез- келген шешімі Ресейдің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына әсер етеді. Уақыт өте келе бұл шешім федералды несиелік облигациялардың (OFZ) кірістілігін төмендетеді, сондықтан инвесторлар құнды қағаздарды алдын-ала сатып алуға тырысады. «Ресей банкінің бұдан әрі де төмендету туралы ұсынысы рубльді қолдайды, өйткені мұндай шешім ресейлік активтердің, акциялар мен облигациялардың тартымдылығын арттырады»,  деп толықтырды Олег Богданов.