• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2020

Атырау: Індеттен айыққандар арасында 72 жастағы қария бар

195 рет
көрсетілді

Бүгін Атырауда коронавирус инфекциясынан 5 адам жазылып шықты.

Жұртшылыққа жағымды  ақпаратты таратқан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, инфекциялық стационардан шыққан 5 адамның бәрі коронавирус індетінен айыққан.

«Бүгін тағы 5 адам инфекциялық стационардан шықты. Қауіпті індеттен айыққандар – 30 және 56 жастағы ер адамдар, 46, 56 және 72 жастағы әйелдер. Осылайша, Атырау облысында коронавирус індетінен жазылып шыққандар саны 47 адамға жетті» деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.