Мавритания – жаңа түрдегі коронавирус инфекциясын жеңгені туралы жариялаған алғашқы ел.
Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, бұл елде өткен бірнеше тәулікте COVID-19-ды жұқтырған азаматтар тіркелмеген, сондай-ақ, бірде-бір өлім-жітім тіркелмеген. Жалпы бұл елде қауіпті вируспен 17 адам ауырып шығып, бір адам көз жұмған. Мавританияда 13 наурызда коронавирус алғашқы адамнан анықталғаннан кейін вируспен күрестің стандарттық шаралары қабылданды. Атап айтсақ, шекаралар жабылып, барлық жиындарды өткізуге тыйым салынды, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жабылды. Бұған қоса, түнгі коменданттық сағат жарияланып, қалааралық тасымалдарға тыйым салынды.