• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Атырау: «Сергектің» 2748 камерасы бақылайды

698 рет
көрсетілді

«Көркем Телеком» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Сергек» жобасы аясында Атырау қаласында 2748 камера орнату көзделіпті.

Оның 774-і қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға арналған. Бұған дейін орнатылған 750 бейнебақылау камерасы да жүйеге қосылады. Ал жол қиылыстары мен желілік учаскелерді 612 камера бақылайды. Сондай-ақ  жоба аясында полицейлерге арналған 100 планшет пен 10 экометеодатчик қарастырылған.

– Бұл жоба кезең-кезеңмен іске қосылады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды тіркеу және айыппұл салу жүйесін іске қосу туралы өкілетті органдар қосымша ақпарат береді,- деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.