• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Атырауда мектеп есепшісі 24 млн теңгені жымқырды

440 рет
көрсетілді

Жылыой ауданындық сотында Жаңақаратон кентіндегі орта мектептің есепшісіне қатысты іс қаралып, айыпталушы бес жылға бас бостандығынан айырылды.

«Ол бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды. Сотталушы 2017 жылдың желтоқсанынан  2019 жылдың қыркүйегіне дейін өзіне жоғары жалақы есептеп, банк карточкасына қосымша төлем аударып отырған. Заңсыз алынған қаржының жалпы сомасы 24 млн 247 мың теңгені құрады. Сот жазаны жеңілдету жағдайын ескеріп, сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Жазаны қолдану мерзімі 3 жастағы мүгедек баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды. Сотталушы бюджеттен жымқырған қаржыны толықтай қайтаруға міндеттелді» деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен.