Алматыда індет жұқтырған 97 жастағы қарияның қайтыс болуына ми қан айналымының жіті бұзылуы себеп болып, органикалық дертінің салдарынан беті бері қарамаған. Ал коронавирустық инфекциясы мен басқа да бірқатар ауыр кеселдері жанама аурулар болып табылмақ.
Осыған байланысты, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанындағы КВИ-ға оң талдауы бар пациенттердің Қайғылы аяқталған жағдайларын зерделеу жөніндегі комиссия (ҚБЖЗК) бұл жағдайды КВИ себебінен қайтыс болу жағдайына жатқызбау туралы шешім қабылдады.
Алматыда бүгінге дейін 96 адам емделіп шықты, оның ішінде 6 бала бар.
Кеше И.С.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы (бұдан әрі – Жұқпалы аурулар ауруханасы) COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады. Қазір мұнда 43 науқас бар.
Модульдік кешенде палаталарда теріс қысым жасайтын желдету жүйесі жұмыс істейді: вирустары бар ауа палатадан тыс жерге енбейді, ол арнайы зарарсыздандыру жүйелеріне түседі.
Палаталарда герметикалық есіктер орнатылған, кәріз жүйесін тазалаудың ерекше жүйесі жұмыс істейді.
Бұл аурухананың 280 төсек-орынға есептелгенін естеріңізге сала кетейік. Құрылымына 9 клиникалық бөлімше, 28 төсек-орындық реанимация бөлімшесі, далаға жеке шығатын 11 орындық палаталар, бес орындық динамикалық бақылау палаталары бар қабылдау бөлімшесі кіреді.
АЛМАТЫ