Атырау облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, соңғы бес жылда өңірдің өнеркәсіп саласында қарқынды даму байқалған.
Мәселен, биылғы қаңтарда өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар 661,5 миллиардқа жуық теңгенің өнімін өндірді. Мұның ішінде тау-кен өндірісінде өндірілген өнімнің құны 601,9 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ 51,5 миллиард теңгенің өнімі өңдеу саласына тиесілі болып отыр. Мұнайлы өңір өнеркәсібінде тіркелген 737 кәсіпорында 28 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған.