• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: COVID-19 Теміртауда күшейіп тұр

355 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды облысында Теміртау қаласының сегіз тұрғынының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ауырғандардың арасында 25 және 24 жастағы екі жігіт пен  1967, 1985, 1990 және 1998 жылдары туған төрт әйел бар. Сондай-ақ үш жастағы және биыл туған қыз балаларға да індет жұққан.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Бүгінгі күнде Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 128 оқиғасы ресми түрде тіркелген. Оның ішінде бір адам қайтыс болды және 37 науқас  жазылып шықты.

        

 

Қарағанды облысы