Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстанның мәлім етуінше, осынша жерді ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға болады.
–Тайсойған әскери полигонының жері Қазақстан иелігіне қайтарылғаннан бергі екі жыл ішінде топырақ пен су құрамы тексерілді. Осы мақсатта зиянды заттарды анықтау үшін зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, 624 мың гектар жер көлемі экологиялық тұрғыдан таза, әрі ауыл шаруашылығы саласына пайдалануға жарамды екені белгілі болды, деді Қадыржан Арыстан.
Оның айтуынша, зерттеу қорытындысы жергілікті әкімдікке берілді. Енді бұл жер жергілікті шаруагерлерге берілуі мүмкін.