• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Сәуір, 2020

Пульмонолог кеңестері: коронавирустан қалай қорғануға болады?

404 рет
көрсетілді

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар  ғылыми-зерттеу институтының Жоғары білім  алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Қасенова ның айтуынша, COVID-19-дан болатын өлім санының дүниежүзілік статистикасы осы аурудан қайтыс болғандардың арасында артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті секілді ілеспелі аурулары бар егде жастағы адамдардың жиі болатындығын дәлелдеді.

Сәуле Лайыққызының айтуынша, егде адамдар вирустық инфекцияны ауыр көтереді және осының салдарынан болатын жағымсыз болжам бар. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронх демікпесі, өкпенің интерстициалдық аурулары  сияқты тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар пациенттер бірінші кезекте «тәуекел тобында» болады, себебі олардың тыныс алу жүйесінің вирустық жүктемеге қарсыласу қабілеті өте төмен.

Осы тұрғыдан, пульмонолог дәрігерден саулыққа мұқият қарау керек деп кеңес береді, ол үшін:

– дүние жүзінде өзінің тиімділігін көрсеткен карантин шараларын орындау қажет;

– дүкенге аптасына 2 рет тек қана қажетті азық-түлікке шығу керек;

– қоқысты мейлінше, басқа адамдармен қарым-қатынастың болу мүмкіндігі аз уақытта – таңертең ерте немесе кешкі уақытта шығарған дұрыс;

– теледидарды күніне тек қана қажетті ақпаратты алу үшін 2 сағаттан артық көрмеген дұрыс;

– тыныс алу жолдарының эпителиалық жасушаларын қорғайтын А, Е және С витаминдерін қабылдау қажет;

– гигиена шараларын орындау керек.

Оқшаулану отбасы мүшелерімен бірге көп уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

– Күйзелісті өз бетінше жеңіп шыға алмайтын жалғыз басты егде адамдарды, балаларды, жасөспірімдерді қолдаңыздар.

– Жағымсыз күйзеліс адам иммунитетіне кері әсер беретіндіктен үрейлі көңіл-күйден алшақ болыңыздар.

Зиянды әдеттерден, әсіресе темекі шегу, жастар ішінде пайда болған электронды сигареттер мен кальян шегуден бас тартудың уақыты келді.

Қауіпті уақыт та бітеді, өмір де өз қалпына келеді, ол үшін өзіңіздің және сізді қоршаған адамдардың  денсаулығын сақтау қажет.

 

 

 

АЛМАТЫ