• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Атырау: Індетке шалдыққандар арасында полицияның 3 қызметкері бар

154 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде алғы шепте жүргендердің бірі –полиция қызметкерлері.

Олар Атыраудағы күшейтілген режим талабын сақтау үшін дамылсыз кезекшілік атқаруда. Алайда, тәртіп сақшыларының арасында да қауіпті індетке шалдыққандар бар.

«Атырауда полицияның 3 қызметкері коронавирус жұқтырды. Бұл жағдай тергеу изоляторында орын алған. Сондай-ақ, науқаспен байланыста болған 18 адам оқшауланды» -деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Таңбаева.  

Бүгін Атырау облысында қауіпті індетті жұқтырғандар саны 123-ке жетті. Олардың арасынан 47 пациент жазылып шыққан.

Соңғы жаңалықтар