• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 27 Сәуір, 2020

Жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық жұмыстар вебинары өтті

755 рет
көрсетілді

Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының жаратылыстану-ғылыми пәндерінен мұғалімдерді даярлау бағыты бойынша доцент Ш.Ш.Карбаева жетекшілік еткен команданың ұйымдастыруымен  РОӘК ОӘБ тәжірибе алмасу мақсатында «Қашықтан оқыту форматында жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды өткізу» тақырыбында​  ғылыми-әдістемелік вебинарын өткізді.

Вебинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ оқу-ісі жөніндегі проректоры​ А.А.Сәтмырзаев, ​ А.И.Герцен атындағы РМПУ химия және экологиялық білім беру кафедрасының меңгерушісі​ О.Г.Роговая,​ Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры​ Х.Н.Жанбеков, ​ Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры​ А.М.Байдильдина, ​ Жаратылыстану және география институтының директоры​ К.Д.Каймулдинова,​ кафедра меңгерушілері, сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары мен Қазақстанның басқа да ЖОО өкілдері қатысты.

Вебинар барысында профессор-оқытушылар құрамы жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды қашықтан оқыту мәселелері туралы тәжірибе алмасты. Вебинарда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың химия кафедрасының доценті​ А.Р.Нұрахметова мен​ аға оқытушысы​ Ж.М.Жақсыбаева,​ оқытушысы​ М.А.Башенова, биология кафедрасының доценті​ И.П.Загриценко;​ ҚазҰАУ-дың​ қауымдастырылған профессоры Ж.Б.Бакенова мен​ ассистенті​ Л.К.Ысқақ,​ «Астана» халықаралық университеті (AIU) Жаратылыстану Ғылымдары Жоғары мектебінің доценті Н.Ш.Карипбаева, ТМПУ-дың қауымдастырылған профессоры​ Г.З.Шаймерденова​ баяндама жасап, тәжірибелерімен алмасты.

АЛМАТЫ