Мемлекеттік комиссияның шешімімен елордада 27 сәуірден бастап саяжай иелеріне карантиндік аймақ шегінде орналасқан бау-бақша учаскелеріне баруға рұқсат берілді. Саяжай иелеріне тұқым мен көшет отырғызуға рұқсат.
Қонақ шақыруға, табиғатта немесе саяжай аумағында пикниктер ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Тұрғындар сақтық шараларын қатаң сақтап, қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет.
27 сәуірден бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, тұрмыстық электр техникасын сататын дүкендерге (ауданы 2 мың шаршы метрден астам), банк қызметі мен микроқаржы ұйымдарына, сақтандыру қызметіне; риэлтерлік компанияларға, агенттіктерге, жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі консалтингтік қызметтерге, тұқым сататын дүкендерге, зоомагазиндерге жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі.