• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Алты адам COVID-19 ауруынан айықты

106 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды облысында коронавируспен ауырған алты адам жазылып шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Науқастар толық емдеу курсынан өтті және екі мәрте алынған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін олар үй карантиніне шығарылды.

Сырқаттан сауыққандардың арасында екі жастағы сәби де бар. Сондай-ақ, жазылып шыққандар қатарында Шахтинск қаласының 1989 және 2018 жылдары туған екі тұрғыны және үш қарағандылық бар. Бұлардың бәрі  COVID-19 індетінің жеңіл түрімен ауырған.

Бүгінгі күнде облыста жазылып шыққандардың жалпы саны 43 адам болды. 

 

        

 

Қарағанды облысы