• RUB:
    4.9
  • USD:
    441.79
  • EUR:
    478.77
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Қызылорда: Есірткі сатқан облыс тұрғыны ұсталды

527 рет
көрсетілді

Облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы прокуратура органдарының бастамасымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтап, тасымалдаған Шиелі ауданының тұрғынын ұстады.

Ұсталған 47 жастағы азамат газет қиындысына оралған жасыл түсті ұнтақты 2000 теңгеге саудалаған. Сараптама қорытындысы ол ұнтақтың жалпы салмағы 3,56 грамм болатын кептірілген марихуана  екендігін анықтады.   

Бұл азаматтың жұмыс орнын тексеру барысында дәл осындай 14 дана орама табылды. Мекен-жайын тінту барысында да үйінен ораманың 12 данасы табылып, сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттардың жалпы салмағы 99,33 грамм кептірілген марихуана екендігі белгілі болды. 

Қазір бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1 бөлігі және 269 бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.